Ең көп ақша 31 жастан 40 жасқа дейінгі салымшылардың шоттарында
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 13 трлн теңгеден асты, деп хабарлады LS агенттігі.
Ұлттық банктің деректеріне сәйкес 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдайдағы міндетті жарналар бойынша шоттардың саны 10,86 млн.құрады, оларда 13,2 трлн теңгеге жуық қаражат жинақталды.
Ең көп ақша 31 жастан 40 жасқа дейінгі (2,9 млн шотқа – 3,84 трлн теңгеден астам) және 41 жастан 50 жасқа дейінгі (2,3 млн шотқа – 3,81 трлн теңге) салымшылардың шоттарында.
Бұдан кейін:
Салымшылардың шоттарында жинақталған ақшаның ең азы:
Өңірлер арасында ақшаның басым бөлігі Алматыда (2,5 трлн теңге), Нұр-Сұлтанда (1,2 трлн теңге) және Қарағанды облысында (1,17 трлн теңге) шоттарда шоғырланған. Сондай-ақ, Шымкент қаласының тұрғындары қомақты сома – 1,04 трлн теңге және ШҚО – 1,01 трлн теңге жинады.
Ең азы – СҚО (382,1 млрд теңге) және Түркістан облысындағы (46,2 млрд теңге) шоттарда.
Сонымен қатар, міндетті кәсіптік жарналар бойынша жинақ сомасы 385,4 млрд теңгені, ал ерікті жарналар бойынша 1,8 млрд теңгеден астам соманы құрады.