Павлодар облысында орман алқабы өртенді

Автор: Azattyq Rýhy

Өрттің шығу себебі мен шығын көлемі әзірге белгісіз

Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысындағы Көкжал орман шаруашылығының аумағында өрт болды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, орман шаруашылығы алабының №204 және 224 кварталдары отқа оранған. Өрттің орын алғаны анықталған уақыт - 12: 35. Қызыл жалынмен күрестің басталуы - 13:03, оқшаулау сағат 17: 33 кезінде мүмкін болды.

«Шамамен 330 гектар болатын өрт шалған алапта ескі арам-шөптер мен 2018-2020 жылдардағы орман дақылдары болға», - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші мен тоғыз техника жұмыс істеді. Өрттің шығу себебі пен келтірілген залал көлемі алда анықталады.