Жоғары қауіпсіздік мекемесіне тыйым салынған заттарды алып өту фактісіне жол берілмеді
Алматы облысында әйел колонияға ыдыс жууға арналған сұйықтыққа sim-карталарды салып өткізбек болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/12 жоғары қауіпсіздік мекемесіне тыйым салынған заттарды алып өту фактісіне жол берілмеді. Сотталушымен ұзақ кездесуге келген әйел sim-карталарды ыдыс жууға арналған сұйықтыққа жасырды. Мекеме қызметкерлерінің қырағылығының нәтижесінде, тексеру кабинетінде 10 sim-карта мен шығу тегі белгісіз жасыл зат табылып, тәркіленді.
«Тұрақты ескертулерге қарамастан, сотталған адамдардың туыстары мен жақын адамдары талаптарды бұзуды жалғастыруда және түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды беру әрекеттерін жалғастыруда», – деп атап өтті Алматы облысы бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Қанат Ашов.