Ұлттық гвардия академиясы курсанттарының жаттығуы кезінде жұмысшыға оқ тиді
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді
ҚР Ұлттық гвардия академиясы курсанттарының АК-74 автоматымен жаттығуы барысында жұмысшыға оқ тиді. Бұл туралы академияның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2022 жылдың 4 сәуірінде ҚР Ұлттық гвадрия академиясының атыс алаңында курсанттардың оқу тобының жеке құрамымен АК-74 автоматынан оқ ату жаттығуы өткізілді. Сағат 13.00-ден кейін құм қазып жатқан жұмысшының жеңіл жарақат алғаны туралы хабарлама түсті. Мән-жай анықталғаннан кейін алғашқы медициналық көмек көрсету үшін оқ ату барысын қамтамасыз ететін кезекші фельдшер мінген санитарлық көлік жіберілді. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, академия лазаретінің жедел жәрдем көлігімен Петропавл қаласы ауруханасының травматология пунктіне жеткізілді», - делінген аталған академия баспасөз қызметі хабарламасында.