Алматыда бір топ жігіт көлік жөндейтін шеберді соққыға жықты
Аталған фактіні аудандық полиция басқармасы тергейді
Алматыда техникалық қызмет көрсету станцияларының бірінде бір топ жігіт станция шеберін соққыға жықты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті мәлімдеде жасады.
«Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін және Жетісу аудандық полиция басқармасы тергейтінін хабарлайды. Аталған қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды», - делінеді қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Дархан Мұсанов күдіктілердің жеке басы анықталғанын айтты.
«Оларды ұстау-уақыт мәселесі. Кінәлілерді ұстауға және оларды жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел және арнайы іс-шаралар кешені жүргізілуде», - деді Дархан Мұсанов.