Сот үкімімен заңсыз әкелінген контрабандалық жүк мемлекет кірісіне айналдырылды
Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаменті шетелдік азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол жалған құжаттарды пайдалана отырып, «жалған транзит» схемасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағына салмағы 22 тонна темекіні заңсыз әкелді. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
«Бұған дейін әзірленген қылмыстық жоспар бойынша ол Әзербайжаннан Ауғанстанға Қазақстан арқылы – Маңғыстау облысының «Құрық» теңіз портынан Жамбыл облысына дейін транзитке жалған мәлімделген сигареттері бар жүк көлігін басқарған. Алматы облысының аумағында заңсыз жүк түсіру кезінде ұсталды», - делінген хабарламада.
Сот үкімімен заңсыз әкелінген контрабандалық жүк мемлекет кірісіне айналдырылды.