Мұнай экспорттаудың балама жолдары бар ма – сарапшылар пікірі
Қазақстан жылына 80 млн тонна мұнай шығарады
22 наурызда мың жарым шақырым болатын Каспий құбыр желісі консорциумының Ресейдің Новороссийск маңы арқылы өтетін екі бөлігі істен шықты. Кей сарапшылар мұнай экспорты 4-5 есеге дейін азаюы мүмкін екенін, тиісінше Қазақстан экономикасы 250 миллиард теңге жоғалтып жатқанын айтты. Расында мұнайды экспорттаудың балама жолдары бар ма деген сауалды Azattyq Rýhy тілшісі сарапшыларға қойып көрді.
Министрдің оптимистік көңіл-күйі Қазақстан мұнай өнеркәсібінің мәселесін шеше ала ма?
МҰНАЙ ӨНДІРІСІН АЗАЙТУҒА МӘЖБҮР БОЛАМЫЗ
Экономикалық бақылаушы Сергей Домниннің айтуынша, Қазақстанның жалпы мұнай экспортының 80 пайызы осы Каспий құбыр желісі консорциумының Новороссийск маңындағы құбырлары арқылы өтеді.
«Аталған жағдай бойынша танкерге жүк тиеу қондырғысы сынып қалған, 24 сағаттан соң екінші, үшінші айлақ істен шыққан. Менің білуімше, қалыпты жағдайда 2 айлақ жұмыс істеп тұр. Экспортқа жөнелтілетін 54 млн тонна мұнай осы екі айлақ арқылы өтеді. Істемей қалған айлақты жөндеу үшін Каспий құбыр желісі консорциумы 2-3 апта жұмсауы керек. Барлығы қалыпты болса, мұнай мөлшері өседі. Маңызды диапазон туралы айтар болсам, қазақстандық мұнай экспорты 3-5 есе азаюы мүмкін. Бұған дейін ай сайын КТК құбыры арқылы 5,5 млн тонна мұнай тасылатын. Көбіне біздің мұнайды Италия, Франция, Испания мен АҚШ елдері алады. Сондықтан қанша қаржы жоғалтатынымызды біліп отырмыз», – дейді Домнин.
Экономикалық бақылаушының пікіріне сүйенсек, алда-жалда апат салдарын жөндеуге келмейді деген нұсқаны қарастырар болсақ, жағдай тағы бір айға созылуы мүмкін.
«Қысқа уақытта балама жолдарды қарастыру оңай емес. Қазақстанның жалпы мұнайы бір ғана дәлізбен жүретінін айттық. Осының алында екеу болса, қазір біреу ғана қалды. Сондықтан мұнайды басқа жолмен жіберу қиындық туғызуы мүмкін. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың 54 млн тонна мұнайдан тек 16 млн тонна мұнайды басқа маршрутпен жөнелтіуге болатынын айтты. Күшіміз жетеді, жағдай бар. Одан артық мұнайды жөнелтуге мүмкіндік жоқ. Егер жағдай осы ретпен жалғаса беретін болса, онда өндірілетін мұнай көлемін азайтуға мәжбүр боламыз», - дейді Сергей Домнин.
ЖАҢА ЗАУЫТТАР САЛУДЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖОҚ
Ал EXIMAR форсайтинг агенттігінің директоры Айман Тұрсынқан өнеркәсіптік игеру жолында қысқа мерзімді жаңа зауыттар салудың қажеттілігі жоқ екендігін алға тартады.
«Қазақстан жылына 80 млн тонна мұнай шығарса, оның 17 млн тоннасы 3 зауытта өңделеді. Қазір елімізде 24 мини мұнай өңдеу зауыттары бар. Осы зауыттар да жақсы мөлшерде мұнай өңдей алады әрі «Еуро-4» стандартына сәйкес бензин шығара алады. Сондықтан қысқа мерзімде жаңа зауыттар салғанша, біздегі бар қажеттілікті қамтамасыз етіп, солярканы елден шығаруға болады. Дегенмен ЕАЭО пен ресейлік санкция елімізде бидайды егу мен жинауға қатысты кері әсерін тигізетіні анық», деген сарапшы жауапты министрлік шаңшаң түрде кешенді жұмыс жоспарын құруы тиіс екендігін атап өтті.
Сарапшының айтуынша, Қазақстан Үкіметі тиісті мүмкіндіктерді пайдалана алмай отыр. Сондай-ақ, Ресей мен Украина арасындағы жағдайға байланысты Қазақстан үшін петрохимия мен мұнай өңдеу саласында мүмкіндік туып отыр.
«Ұзақ мерзімде мобилизациялық экономика түрі арқылы ішкі өндірісі бар ел моделіне көшу мүмкіндігі туып тұр. Үкімет мұндай мүмкіндікті пайдаланбай жатыр. 16 жылдан бері ауыл шаруашылығы секторында сарапшы болып жұмыс істеп келемін. Сонда байқағаным, маусым, қыркүйек, қазан айларында жанар-жағармай тапшылығы болып, баға бірден қымбаттайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі субсидияға деп өте көп қаржы жұмсайды. Ал бензиннің бағасы көтерілсе, барлық тауардың бағасы күрт қымбаттайды. Сондықтан тиісті министрлік кешенді жоспар жасауы керек. Энергетика министрі Болат Ақшолақов пен Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев жанар-жағармайға қатысты жұмыс жоспарын тез іске асыруды ойлап таппаса, тиісті мүмкіндіктен айырылып қаламыз», - деп түйіндеді ол.
Еске сала кетейік, медиада анонимді трейдерлердің Reuters агенттігіне берген мәліметі бойынша, Каспий құбыр консорциумы Ресейге қарсы санкциялар аясында мұнай тасымалдау кезінде қиындықтарға тап болғандығы турасында ақпарат тарады. Алайда Қазақстанның энергетика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
18 наурыз күні Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстан 2022 жылы 69 млн тонна мұнайды экспортқа шығаруды жоспарлап отыр, деп мәлімдеген еді.
«2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 85,9 млн тоннаны, мұнай экспорты 67,6 млн тоннаны құрады. Мұнай өндірудің 2022 жылға арналған жоспары - 87,5 млн тонна, экспорт бойынша - 69 млн тонна. Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған үш ірі мұнай-газ жобасы еліміздің мұнай өндіру көшбасшылары болып қалуда», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Оның атап өтуінше, Теңіз жобасында 2021 жылы мұнай өндіру 26,5 млн тоннаны, газ өндіру көлемі 14,5 млрд текше метрді құраған.
«Кен орнында құны 45,2 млрд АҚШ долларын құрайтын Келешекте кеңейту жобасы іске асырылып жатыр. Бұл мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2021 жылдың қорытындысына сәйкес жоба бойынша жұмыстардың жалпы ілгерілеуі 89 пайызды, 2022 жылға арналған жоспар 97,4 пайызды құрады. Жобаны 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр», - деді министр.
Болат Ақшолақовтың айтуынша, 2021 жылдың қорытындысында Қашағанда мұнай өндіру көлемі 16,2 млн тонна, ал газ өндіру көлемі 9,8 млрд текше метр болды.
Осы орайда министр бірінші вице-министр Мұрат Жөребековке осы жылы базалық жобалауды бастау жөнінде тапсырма берді.
«Қарашығанақта 11,5 млн тонна көлемінде мұнай, 18,9 млрд текше метр көлемінде газ өндірілді. Бүгінгі күні кен орнында сұйық көмірсутектерді өндіру деңгейін жылына 11-12 млн тонна шегінде ұстап тұру бойынша жобалар іске асырылуда. Біріншіден, 2021 жылы құны 1,1 млрд АҚШ долларына газ өңдеу қуатын арттыру жобасы іске қосылды. Екіншіден, құны 578 млн АҚШ долларына газды кері айдау 4-ші компрессорын пайдалануға беру үшін іске қосу-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Үшіншіден, шикі газды кері айдаудың 5-ші компрессорын салу жұмыстары басталды. Жобаның бюджеті - 970 млн АҚШ доллары. Аяқталу мерзімі - 2025 жыл», - деді Болат Ақшолақов.
18 наурыз күні министрліктің алқа отырысында Қазақстан 2022 жылы 69 млн тонна мұнайды экспортқа шығаруды жоспарлап отыр деген Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың мәлімдемесі асығыстық болған тәрізді.
«2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 85,9 млн тоннаны, мұнай экспорты 67,6 млн тоннаны құрады. Мұнай өндірудің 2022 жылға арналған жоспары - 87,5 млн тонна, экспорт бойынша - 69 млн тонна. Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған үш ірі мұнай-газ жобасы еліміздің мұнай өндіру көшбасшылары болып қалуда», - деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Оның атап өтуінше, Теңіз жобасында 2021 жылы мұнай өндіру 26,5 млн тоннаны, газ өндіру көлемі 14,5 млрд текше метрді құраған.
«Кен орнында құны 45,2 млрд АҚШ долларын құрайтын Келешекте кеңейту жобасы іске асырылып жатыр. Бұл мұнай өндіруді жылына 12 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2021 жылдың қорытындысына сәйкес жоба бойынша жұмыстардың жалпы ілгерілеуі 89 пайызды, 2022 жылға арналған жоспар 97,4 пайызды құрады. Жобаны 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр», - деді министр.