Нұр-Сұлтан мен Алматы экологиясын жақсарту бойынша бірқатар шара қабылданды

Azattyq Rýhy

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі экологиялық проблемаларды талқылау бойынша халықпен бірнеше кездесу өткізді

 

 

© REUTERS

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы күрделі экологиялық жағдайды ескере отырып, Мемлекет басшысы осы мегаполистердегі экологияны жақсарту жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

2020-2021 жылдар аралығында Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі негізгі экологиялық проблемаларды талқылау бойынша халықпен бірнеше кездесу өткізді. Талқылау қорытындысы бойынша 5 блоктан және  22 іс-шарадан тұратын экологиялық жағдайды жақсарту бойынша, яғни атмосфералық ауа сапасын арттыру, ауа айналымын жақсарту, газдандыру, автокөлік, көгалдандыруды одан әрі жандандыруға байланысты Жол картасы әзірленіп, бекітілді.

«Бүгінгі күні Жол картасында қарастырылған 22 іс-шараның 13-і орындалды. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 1-ЖЭО және 2-ЖЭО-ға су жылыту қазандықтарын табиғи газға ауыстыру және іске қосу арқылы газ құбырларын тарту жұмыстары аяқталды», - делінген Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Газдандыру бойынша елордада бірінші кезектегі жұмыстар аяқталды, толық газдандыруды 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

«Алматы қаласы бойынша 2-ЖЭО және 3-ЖЭО қазандықтарды газға ауыстыру арқылы жаңғырту туралы шешім қабылданды. «Қоршаған ортаға әсерді барынша азайта отырып, Алматы 2-ЖЭО жаңғырту» жобасының ТЭН-іне оң қорытынды алынды және жобаны іске асыру бойынша жұмыс басталды. Бұл шығарындыларды 83% - ға, яғни 37,8-ден 6,0 мың тоннаға дейін қысқартуға мүмкіндік береді», - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту үшін Алматыда дизельдік қоғамдық көлік сатып алуға тыйым салынды және 335 электр және газ автобустары сатып алынды. Және жанармай құю станцияларындағы отын сапасына және жалпы автокөлікті техникалық байқаудан өткізуге қойылатын талаптар күшейтілді. Кіру және шығу жолдарында 21 «Сергек» жүйесі бекеттері және 19 экопост орнатылған, олар Алматы қаласының полиция департаментіне шығарындыларды тіркеу және деректерді беру үшін «Сергек» жүйесімен біріктірілген.

«Аумақтарды көгалдандыру бойынша әкімдіктер жасыл желекерді толықтай тесереді, қаланың жасыл желектерінің тізілімі енгізілетін болады, онда жасыл желектердің типтері, түрлік құрамы, алаңының көлемі, жай-күйі және орналасуы туралы деректер тұрақты негізде жаңартылатын болады. Тиісті заңнамаға ағаштарды заңсыз кесу ережелеріне өзгерістер енгізілді, ол бойынша ағаштарды заңсыз кескені үшін жиырма және отыз есе мөлшерде өтемдік ағаш отырғызу көзделген, ал олардың заңсыз кесілгені үшін әкімшілік жаза бес есеге дейін ұлғайтылды», - деді министрлік өкілдері.

Айта кету керек, жел ағынын зерттеу мақсатында Алматы қаласының әкімдігі жел режимін зерттеуді компьютерлік модельдеу бойынша эксперименттік жұмыс бастады, сондай-ақ жел бағытын ескере отырып, құрылыстың бас жоспарына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленуде.

Осылайша, жаңа Экологиялық кодекске сәйкес әкімдіктер енді атмосфералық ауа нашарлаған жағдайда 3 жыл ішінде көлік құралдарының кіруіне шектеулер енгізу, ал қолайсыз метеожағдайлар туындаған кезде атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарылуын реттеу жөніндегі уақытша шараларды енгізу өкілеттіктеріне ие болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.