Орал қаласында пәтерден 5 млн теңге жымқырған ұрылар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Фото ашық дереккөзден

Орал қаласында пәтерден 5 млн теңге жымқырған ұрылар ұсталды. Бұл туралы  БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, ұрылар Х.Доспанова көшесіндегі пәтерге терезе арқылы кірген. Содан кейін 1982 жылғы азаматқа тиесілі қаржыны үптеп кеткен. Келтірілген залал көлемі – 5 млн теңге. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде ұрылар қолға түсті. Олардың дені басқа өңірлерден келген болып шықты. 1990 жылғы Ж. деген күдікті Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны болса, 1986 жылғы Е. Түркістаннан келген. 1971 жылғы И. елорданікі болса, 1982 жылғы Д. – Орал қаласының тұрғыны.

«Ұрланған қаражат тәркіленді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігіне (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомстводан.