Елімізде астық пен ұн экспортына шектеу енгізілмек

Azattyq Rýhy

Қазір ұн мен астықты ішкі нарыққа сатқысы келмейтіндер қатары көп

Елімізде астық пен ұн экспортына шектеу енгізілмек
Фото ашық дереккөзден

Елімізде астық пен ұн экспортына шектеу енгізу мәселесі қаралып жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі  Ербол Қарашөкеев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, қазір ұн мен астықты ішкі нарыққа сатқысы келмейтіндер қатары көп. Себебі шетелдерге экспорттау арқылы жоғары бағаға өткізгісі келеді. Сондай-ақ, министр біздің астық балансымыздың жақсы екенін, ішкі нарықта тұтынуға да және экспорттауға да жететінін айтты.

«Экспорттаушылар ішкі нарыққа сатқысы келмейді. Бағаның көтерілуін күтіп отыр. Мұнда ұн өндірушілер мен астық өндірушілер арасында келісім болмай тұр. Экспортқа тиісті шектеу енгізіледі. Сонда экспорттаушылар өнімнің белгілі бір бөлігін ішкі нарыққа жіберуге мәжбүр болады», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.