04.04.2022, 17:29
Жаңалықтар
Түркістан облысында жер үй өртеніп, 13 жастағы екі бала қаза болды
Өртті сөндіруге төтенше жағдай департаментінің 24 қызметкері мен 7 техникасы жұмылдырылды
Фото ашық дереккөзден
Түркістан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 13 жастағы екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға Сауран ауданы Бабайқорған ауылында болған. Ш.Қалдаяқов көшесінде орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй отқа оранып, 180 шаршы метр аумақ өртенді. Нәтижесінде үйдің бірінші қабатының төбесі опырылып түскен.
Құтқарушылар оқиға орнынан 13 жасқа енді толған екі жасөспірімнің денесін алып шықты.
Өртті сөндіруге төтенше жағдай департаментінің 24 қызметкері мен 7 техникасы, полиция департаментінің 9 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды.
Көп оқылған
22.09.2026, 13:26
Төбесі көгеріп, дәретханасы сасып кеткен: Қаскелеңдегі ескі мектептің адам шошырлық видеосы тарады (ВИДЕО)
22.09.2026, 06:33
Атырау облысында арнайы техника автобусқа соғылып, үш адам зардап шекті
22.09.2026, 09:11
Телефон ұстау, қарсы жолаққа шығу: дрондар жүргізушілердің 20 мыңнан аса жол ережесін бұзғанын анықтады (ВИДЕО)