Әсел Бөденеева ҚР ҰЭМ ТМРК төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Azattyq Rýhy

Ол бұған дейін аталған комитетте басқарма басшысы болып қызмет атқарған

Әсел Бөденеева ҚР ҰЭМ ТМРК төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Әсел Бөденеева Қазақстан Республикасы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бөденеева Әсел Қорғанбайқызы 1981 жылы дүниеге келген. 2002 жылы «Қайнар» университетін «Құқықтану», 2009 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

2002-2005 жылдар аралығында Жамбыл облысы Сарысу ауданы әкімдігінде жетекші маман болып жұмыс істеген.        

2006-2009 жылдары Ақтөбе облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кеңсесінің бас маманы - сот отырысының хатшысы.    

2010-2019 жылдары Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде түрлі қызметтер атқарды.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҰЭМ ТМРК Бақылау және наразылық-талап арыз жұмысы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.