$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында газ бағасын көтерген монополистік ұйым анықталды

«Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Атырау облысында газ бағасын көтерген монополистік ұйым анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС басшылығына қатысты ҚР ҚК 221-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай аталған ұйым 2017-2021 жылдар аралығында «СМГСП» басшылығы сұйытылған мұнай газын қайталама көтерме саудада өткізу нарығындағы үстем жағдайды пайдалана  отырып, сұйытылған мұнай газын қабылдау, сақтау және құю қызметтеріне монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, бекіткені анықталды.

«СМГСП» ЖШС заңсыз тапқан сомасы 2 081 659 968 теңгені құрап, ол толық көлемде қайтарылды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес озге де деректер жариялауға жатпайды», - делінген агенттіктің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары