Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында (АШЖБ) 33,3 млн бас тіркелді
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін сырғаларды сатып алу функциясы жергілікті атқарушы органдарға берілмек. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Үкімет сағатында мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тағы бір маңызды мәселе ЖАО-ның жоспарлы вакцинациялауды сәйкестендіру және жүргізу бойынша тиімсіз жұмыс болды. Оларды сатып алу бойынша конкурстық рәсімдердің ұзақтығы, сондай-ақ оларды әкімдіктерге беру кезіндегі бюрократиялық жағдай және жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізу мерзімдерінің бұзылуына, бұл сонымен қатар жауапкершіліктің төмендеуіне әкеледі.
Мәселен, 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында (АШЖБ) 33,3 млн бас тіркелді, оның ішінде: ІҚМ 8,3 млн, ҰҚМ 20,6 млн, жылқы 3,4 млн, шошқа 649 мың және түйе 250 мың бас.
«Алайда өңірлерге құлақ сырғаларының уақытылы жеткізілмеуіне байланысты АШЖБ төлдерді тіркеу 2020 жылы жүзеге асырылмады, осыған байланысты министрлік жасыл дәлізді іске қосу арқылы оларды тіркеуге мәжбүр болды. Нәтижесінде 2021 жылдың наурыз-мамыр аралығында қосымша 1,1 млн бас тіркелді», - деді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, қолданыстағы сәйкестендіру жүйесі жасыл дәліз шараларын үнемі жүргізуді қажет етеді. Бұл ретте реформадағы кемшіліктерді жою үшін бірақатар функциялар өзгертіледі.
«Осы жүйенің кемшіліктерін жою мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін сырғаларды сатып алу функциясын жергілікті атқарушы органдарға беру, аудандық деңгейде АШЖБ дерекқорына түзетулер (өзгерістер) енгізу, түзетулер (өзгерістер) енгізуге арналған алгоритмді және растайтын құжаттар тізбесін бекіту, сондай-ақ тіркелмеген мал басын заңдастыру мүмкіндігі мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және дерекқорды жүргізу жөніндегі нормативтік актілерге бірқатар өзгерістер енгізу, АШЖБ мобильді нұсқасын іске қосу көзделген», - деп атап өтті Қарашөкеев.