Қазақстан әскерінің киім формасы өзгереді

Azattyq Rýhy

Қорғаныс министрлігі әскери киім кию ережесіне өзгертулер әзірледі

Қазақстан әскерінің киім формасы өзгереді
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан әскерінің киім формасы өзгереді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

орғаныс министрлігі әскери киім кию ережесіне өзгертулер әзірледі. Ведомство басшысының бұйрық жобасы талқылауға шығарылды. 

"Бұйрық жобасын қабылдау құқықтық нормаларға сәйкес келтіруге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Әскери киім нысаны мен айырым белгілерін, сондай-ақ басқа да белгілерін кию ережелерінің кейбір қағидаларын нақтылауға мүмкіндік береді", - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында. 

Министрліктің атап өтуінше, жобаны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық, экологиялық және өзге де салдарға әкеп соқтырмайды, қосымша қаржы қаражаты талап етілмейді. Бұйрықтың толық мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында танысуға болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.