2 сәуірде ауа райы қандай болады – синоптиктер болжамы
Еліміздің басым бөлігінде жылы ауа райы сақталатын болады
Синоптиктер сенбі, яғни 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.
«Қазақстанның басым бөлігі әлі де антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталатын болады. Тек солтүстікте, қиыр солтүстік-батыста және елдің оңтүстігінің таулы аймақтарына өтіп жатқан циклон әсер етеді, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады», - делінген хабарламада.
Қостанай облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады.
Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде тұман түседі, күндіз солтүстік-батыста, оңтүстікте жел 16 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ болады, облыстың батысында тұман түседі, жел 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ болады, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында тұман түседі, солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Алакөл көлдерінде жел 17-22 м/с күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында тұман түседі, түнде оңтүстік-шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман түседі.
Павлодар облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында тұман түседі.