Тоқаев дербес деректер алмасуға қатысты келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы дербес деректер алмасуға қатысты келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекет басшысы «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», - делінген хабарламада.