$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісай саябағында шүберек байланған ағаштарды сындырған адамға айыппұл салынды

Құқық бұзушы ер адам Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты

Жетісай саябағында шүберек байланған ағаштарды сындырған адамға айыппұл салынды

Түркістан облысының полицейлері Жетісай қаласының саябағындағы шүберектер байланған ағаштарды сындырған азаматты анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде екі жігіттің шүберек байланған ағаштарды сындырып, артынша өртеген видеосы тарады. Олар өздерінің бұл әрекетін халықты жалған ырымға сенбеуге шақыруымен байланыстырды. Алайда видеоның астына оқырмандар «ағашты сындырмай, шүберектерді алып тастау керек, ертең басқа талға ілсе, оны осылай сындыра ма?» деген пікірлерін жазды.

Өз кезегінде жергілікті тәртіп сақшылары құқық бұзушы азаматқа қатысты хаттама толтырғанын мәлімдеді.

«Түркістан облысы ПД-нің полицейлері бірден бейнежазбадағы жайт бойынша тексеру жүргізіп, оқиғаның Жетісай ауданында болғанын анықтады. Яғни құқық бұзушы ер адам Мақтаарал ауданының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты Жетісай АПБ полицейлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, Жетісай аудандық сотына жолданды. Сондай-ақ тұрғынның әрекетіне қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары