$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қорғаныс министрлігі Қостанайдағы ресейлік техникаға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Қазақстан орталығында Ресей әскері орналасқаны туралы ақпарат тарауда

Қорғаныс министрлігі Қостанайдағы ресейлік техникаға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді

Қорғаныс министрлігі Қостанай облысында жүрген ресейлік техникаға қатысты ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қазақстанның орталығында Ресей әскері орналасқаны туралы ақпарат тарауда. Онда Қостанайда жүрген ресейлік әскери техника көрсетілген бейнероликке сілтеме тіркелген», - деп жазады Stopfake.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Қостанай облысында жүрген ресейлік техниканың қозғалысына қатысты, бейнежазбада іздеу-құтқару командаларын қамтамасыз ету бөлімшесінің легі құрамында Байқоңырдан Ресей Федерациясындағы тұрақты орналасу пункттеріне кету барысы көрсетілгенін хабарлаймыз. Бөлімше Қостанай облысының Арқалық ауданына қонған ғарышкерлер капсуласын іздеу мақсатында ағымдағы жылдың 14 наурызынан бастап Қазақстанда болды», - делінген ведомство хабарламасында.

Бұрын хабарланғандай, Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-21» ғарыш кемесі ұшырылды, сондай-ақ «Союз МС–19» кемесі қонған болатын.

Серіктес жаңалықтары