Алматыда соттар әкімшісі екі қызметтік пәтер алуға 149 миллион теңге жұмсамақ

Автор: Еркежан Айтказина

Әрқайсысы 120 шаршы метр 15 қабатты абаттандырылған ғимаратта болуы керек

Соттар әкімшісі Алматы қаласында қызметтік төрт бөлмелі екі пәтер сатып алу үшін конкурс жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Конкурс шартында пәтер Қонаев – Байтұрсынов көшелерінің Райымбек даңғылынан Төле биге дейінгі аралықта болуы тиіс деп жазылған. Екі пәтердің біреуінің құны 66 миллион теңге, екіншісі 83 миллион теңге деп көрсетілген. Әрқайсысы 120 шаршы метр 15 қабатты абаттандырылған ғимаратта болуы керек.

Пәтердің төбесі биік, әдемі әрленген және кем дегенде екі балкон болуы тиіс. Бірақ пәтер бағасына жиһаз кірмейді. Яғни, қызметтік пәтердің ішінде жиһаз алу үшін тағы қаражат бөлінеді деген сөз.

Тегтер: