Президент «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Динара Тілендиеваны қабылдады

Azattyq Rýhy

Олар Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай өтетін іс-шараларды талқылады

Президент «Отырар сазы» оркестрінің жетекшісі Динара Тілендиеваны қабылдады

Кездесу барысында қазақ мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Динара Тілендиева Қазақстан Президентіне «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің қызметі мен алдағы жоспары туралы мәлімет берді.

Атап айтқанда, ол бірқатар перспективті жобаны жүзеге асыру жайында, оның ішінде италиялық тенор Андреа Бочеллидің репертуарындағы және басқа да қазақтың халық аспаптарында ойнайтын белгілі музыканттардың танымал шығармаларын орындау жөнінде баяндады.

2025 жылы аса көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады. Кездесуде осы мерейтойға арнайы назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев аталған маңызды оқиғаны кең көлемде атап өту қажет екенін айтты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.