01.04.2022, 13:28
Жаңалықтар
Алдағы күндері елімізде күн райы +25 градусқа дейін жылынады
Қазақстан бойынша 2-4 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: ашық дереккөзден
Алдағы күндері елімізде күн жылынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдағы демалыс күндері, батыстан Атлантикалық циклон ауыса бастайды, бұл негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашынның өтуіне және елдің батысы мен солтүстігінде желдің күшеюіне әкеледі. Ал республиканың қалған бөлігінде, көтеріңкі қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Иранның аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының көтерілуі болжанады: батыста +15+23 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және елдің шығысында +8+18 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстігінде +17+25 градусқа дейін жететін болады.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
