$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Германия көлік-логистикалық кешенді бірлесіп дамытады

Қазақстан мен Германияның 100-ге жуық мемлекеттік және іскер топ өкілдері осы саланы талқылады

Қазақстан мен Германия көлік-логистикалық кешенді бірлесіп дамытады
Фото ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен ірі неміс компанияларының басшылары онлайн кездесу өткізіп, онда логистика және көлік саласын дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бейнеконференцияға Қазақстан мен Германияның 100-ге жуық мемлекеттік және іскер топ өкілдері қатысты. Роман Скляр өз сөзінде Қазақстан мен Германия арасындағы көлік-логистикалық кешенді дамытудағы әріптестіктің маңыздылығын, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту және дамудың жаңа жолдарын іздеу қажеттігін атап өтті.

Германия Қытайдан Қазақстан арқылы транзитпен контейнерлік пойыз жөнелтілген бірінші еуропалық мемлекет. Өз кезегінде Германия экономикасының Шығыс комитетінің бас атқарушы директоры Михаэль Хармс Қазақстандағы логистика және көлік саласының дамуына оң баға беріп, көрсеткіштерді арттыру бойынша жұмыс қарқынды жалғасатынына сенім білдірді, сондай-ақ қазақстандық серіктестермен ынтымақтастықтың сенімділігі және қол жеткізілген барлық уағдаластықтарға адалдық білдірді.

HHLA Hamburger Hafen und Logistik AG (Гамбург порты) директоры Томас Лютье алдағы уақытта өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың зор әлеуетін атап өтіп, Қазақстанды негізгі серіктес деп атады.

Кездесудің басқа қатысушылары да екі елдің стратегиялық ынтымақтастығы мен бірлескен жобаларды жүзеге асырудың алдағы перспективаларына ерекше назар аударды. Жиын соңында қазақстандық және неміс ірі логистикалық және көлік компанияларының өкілдерінің қатысуымен «сұрақ-жауап» форматында дәстүрлі талқылау өтті.

Серіктес жаңалықтары