Бұған дейін облыс аумағында автожолдардың 19 учаскесі жабылған болатын
Павлодар облысында барлық бағыт бойынша жолдар ашылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Еске сала кетейік, ауа райының нашарлауына байланысты Павлодар облысының аумағында автожолдардың 19 учаскесі жабылған болатын. Оның жетеуі - республикалық маңызы бар жолдар.
30-31 наурызда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 23-28 м/с, 30 наурызда 30 м/с және одан да жоғары болады.
Дегенмен өңірде әзірге дауыл қаупі сейілген жоқ.