Блок - бекеттерде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мамандар тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты 3 бағыт бойынша республикалық маңызды жолдар жабылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 29 наурыз күні сағат 18:40-та ауа райының нашарлауына байланысты Шідерті кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін республикалық маңызы бар автожол, "Қызылорда-Павлодар" автожолы (1135-1206 км) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.
"Қатты боран салдарынан жолдар көк тайғақ болып, нашар көрініп, автокөліктердің қатынауына кедергі келтіруде. Сондықтан өңір тұрғындары мен қонақтарын қолаймыз ауа райында жолға шықпауға шақырамыз. Әрі жолда абай болуды ескертеміз", - деді Шідерті кенті №14 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Расул Ысқақов.
Сонымен қатар, кеше сағат 19:15-те Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар "Нұр-сұлтан-Ерейментау-Шідерті" автожолы учаскесінде (200-254 км) Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.
Бұдан бөьек, Қалқаман ауылынан "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский" (0-231 км.) автожолы учаскесінде қозғалыс жабылды.
"Шідерті кентінде 50 автомашина тоқтатылды. Оның 20-сы жеңіл, 30-ы жүк көлігі. Автожолдардың жабық учаскелерінде 14жылыту пункті дайындалды", - делінген хабарламада.
Блок - бекеттерде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері ПД және жол иелерімен бірлесіп тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.