Петропавлда жас жігіт бесінші қабаттан секіріп кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ол омыртқасынан жарақат алған

Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде жас жігіттің терезеден секіргеннен кейінгі видеосы тарап кетті. Полиция департаменті Петропавлда 24 жастағы жігіт бесінші қабаттағы өзінің пәтерінің терезесінен секіргенін растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жігітті жедел жәрдем қалалық ауруханалардың біріне  жеткізген. Ал Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі омыртқасынан жарақат алған азамат облыстық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. 

Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.