Айыпталушы 2,5 млн теңге өтемақы төлейді
Шығыс Қазақстан облысында медбикені зорлаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, соттың үкімімен ер адам 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар зардап шеккен тараптың пайдасына 2,5 миллион теңге өтемақы өндірілді.
«Медбикені зорлаған ер адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 2-бөлігі 2-тармағы бойынша сот үкімі шықты. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген аудандық соттың хабарламасында.
Медбике өзінің қызметтік міндетін атқарған, ал ер адам мас күйде болған.