Енді жүкті әйелдерге Sputnik Light вакцинасын салуға болады
Вакцинаны бала емізетін әйелдерге де қолдануға рұқсат етілген
Sputnik Light вакцинациясының қарсы көрсетілімдері қатарынан жүктілік пен лактация кезеңі алынып тасталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қарағанды фармацевтикалық жинағының Telegram арнасына сілтеме жасап.
«Енді жүктіліктің 22-ші аптасынан бастап аяғы ауыр әйелдерді вакциналауға болады. Қарсы көрсетілім күшін жоймас бұрын ғалымдар жануарларға зерттеулер жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша репродуктивті кезеңде уытты әрі тератогенділік қасиеті тіркелген жоқ», -делінген хабарламада.
Хабарламада айтылғандай, вакцинаны бала емізетін әйелдерге де қолдануға рұқсат етілген, бірақ вакцинаны құрайтын белсенді ингредиенттердің ана сүтіне ене алатыны белгісіз. Сондықтан препаратты қабылдамас бұрын, емізетін әйелдер аталған вакцинацияның қаупі мен пайдасын сараптап алуы керек.