$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қар жауып, көктайғақ болады: 27 наурызға арналған ауа райы болжамы

Республиканың барлық облысында тұрақсыз ауа райы сақталады

 
Қар жауып, көктайғақ болады: 27 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: pixabay.com

Синоптиктер жексенбі, яғни 27 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Республиканың басым бөлігінің ауа райына оңтүстік циклон және онымен байланысқан атмосфералық фронтальды бөліктер әсерін тигізеді. Осыған байланысты республиканың барлық облысында тұрақсыз ауа райы болады. Жауын-шашын, солтүстік, шығыс аудандарда көбінесе қар түрінде, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста жаяу бұрқасын бақыланады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Атап айтқанда, Ақмола облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады, түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстігімен шығысында жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел 15-20, таулы асуларда екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Батыс Казақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман, күндіз көктайғақ болады, жел 15-20 м/с соғады.

Атырау облысының басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с соғады, түнде облысың шығысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі.

Ақтөбе облысының орталығында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында тұман түседі, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с соғады.

Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын,солтүстігінде тұман, көктайғақ болып, күндіз оңтүстігі мен батысында жел 15-20 м/с жетеді.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, солтүстігінде, оңтүстігінде орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, оңтүстігі мен орталығында жел 15-20, екпіні 23 м/с соғады.

 Шығыс Қазақстан облысының батысы ме солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі, облыстың батысында, оңтүстік-батысында және орталығында жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с соғады.

Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман, көктайғақ болады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады.

Серіктес жаңалықтары