$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде кеңсе қағазы қымбаттады

Өйткені қағаз тапшылығы сезілуде

Елімізде кеңсе қағазы қымбаттады
Фото ашық дереккөзден

Елімізде кеңсе қағазы қымбаттады. Ақ парақтың бағасы кей аймақтарда 50 пайызға бір-ақ көтерілген. Жуырда тағы да өседі деген сыбыс бар. Өйткені қағаз тапшылығы сезілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

 Қазақстанға қағаздың басым бөлігі Ресейден келетіндіктен, ондағы компаниялар түрлі санкцияларға байланысты қағаз ағартатын қоспалардан қағылған.

Қазір  еліміздің түкпір-түкпіріндегі қалаларда қағаз сататын сөрелер бос тұр. Петропавлда кеңсе қағазы атымен жоқ. «Іздесеңіз де таппайсыз», - дейді тұрғындар. Тіпті кей сауда орындарының иелері қағаздың жоқтығын жазып есігінің сыртына іліп қойған. Бір күннің ішінде бірнеше дүкенге барып шаршаған тұрғындар, тіпті қымбат болса да сатып алатын едік дейді.

Оралда бәрінен де кеңсе қызметкерлері қиналып отыр. Жұмысының 90 пайызы қағазбен байланысты мекемелелер тығырықтан қалай шығарын білмей дал. Электронды құжат айналымы көмектескенімен, кейбір түбіртек, хаттама, актілерді қағазға шығару керек дейді олар.

Ақтауда да осы жағдай. Бұрын 1300-1500 теңгеден сатылған ақ қағазды қазір 2500-3000 теңгеге әзер табасыз. Жұмысы қағазбен байланысты баспаханалар тіпті өзі шығаратын өнімінің бағасын өсіруді ойластырып отыр. 

Қазір танымал ресейлік интернет-дүкеннің сайттарында 500 парағы бар бір бума ақ қағазға 10 мың теңге сұрап отыр. Ал елде дәл осындай қағазды 3000-3500 аралығында сатылуда.  Баға бұлай қалатыны, не қалмайтыны әзірге белгісіз дейді алыпсатарлар

 

 

Серіктес жаңалықтары