Бұған дейін әлеуметтік желілерде Нұрқаділовтің қаза болуына қатысты тергеудің қайта басталғаны туралы ақпарат тарады
Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның Заманбек Нұрқаділовтің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты Бас прокуратура түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтындығын хабарлайды. Қайрат Нұрқаділовтің арызы ведомствомен қаралып жатыр»,- деліген хабарламада.