$ 513.68  583.03  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысынан  қару-жарақ табылды

Қару жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған болуы мүмкін

Жамбыл облысынан  қару-жарақ табылды
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облысынан  қару-жарақ табылды. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция департаментінің ақпаратынша, ол жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған болуы мүмкін. Күдіктілердің көлігін тінту кезінде «Вепрь» маркалы екі мылтық, 1 тапанша және дүрбі, автоматтың оқ салғыш қорабы мен  оқ-дәрілер  тәркіленді.  Қазір бұған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу   жүріп жатыр.  Жалпы  облыс аумағынан  26 қару, 400-ден астам түрлі калибрлі патрон мен арнайы құралдар табылған.   Қару-жарақтар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

 «Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адамның, егер басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын ескертеді», - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз  хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Серіктес жаңалықтары