Кәсіпорын 2021 жылы Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен жекешелендірілген
Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен жекешелендірілген "Алматы қала жарық" кәсіпорны қала меншігіне қайтарылмақ. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы әкімдігі мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі шаруашылық жүргізу құқығындағы (ШЖҚ) "Алматы қала жарық" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынын (МКК) коммуналдық меншікке қайтару бойынша бірлескен жұмыс жүргізді. Компания қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін автоматтандырылған және орталықтандырылған басқару жүйесіне жауап береді.
Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен тендер арқылы ШЖҚ "Алматы қала жарық" МКК жүзеге асырылған. Сол кезде "ABM Group.com" ЖШС жеңімпаз деп танылды. Мәміле 4,6 млрд теңгені құрады, ал болжамды құны — 14,8 млрд теңге.
«ҚР "Мемлекеттік мүлік туралы" заңының нормаларына сәйкес үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері болып табылатын ұйымдарды жекешелендіру туралы шешімдер қабылдау ел Үкіметінің құзыретіне жатқызылған», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты Алматы әкімдігі ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің хабарламасы негізінде ШЖҚ "Алматы қала жарық" МКК-ны жекешелендіру туралы шешімінің күшін жою жөнінде шешім қабылдады.