ШҚО-да үйінде есірткі жасырған ауыл тұрғыны ұсталды
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде
ШҚО-да үйінде есірткі жасырған ауыл тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айының ортасында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Бородулиха АПБ полиция қызметкерлері 38 жастағы жергілікті тұрғынның есірткіні заңсыз сақтау фактісін анықтады. Оның үйін тінту барысында өзіне тән иісі бар жасыл түсті ішінде өсімдік заты бар қағаз түйіншек табылып, тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, алынған зат 1,43 грамм болатын темекімен аралас кептірілген марихуана есірткі заты екендігі анықталды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Өткізу мақсатынсыз есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ол 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жазаға әкеп соғады.