25.03.2022, 01:19
Жаңалықтар
Шымкентте тағы бір қаржы пирамидасы анықталды
Ұйым азаматтарға үй немесе көлік сатып алуға көмектесуге уәде еткен
Фото ашық дереккөзден
Қаржы мониторингі агенттігі Шымкентте заңсыз қызметін жүзеге асырған «GAP» өндірістік кооперативі түріндегі қаржы пирамидасын анықтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыға қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
«Күдікті сенгіш азаматтармен үй немесе көлік сатып алуға қаржылық көмек көрсету туралы келісім жасаған», - делінген агенттік хабарламасында.
Айта кетейік, қаржы пирамидасын ұйымдастарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабында мүлкін тәркілеумен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.
Көп оқылған
05.09.2026, 06:33
Әкім орынбасары мен тағы 9 қазақстандық шенеунік прокуратура тексерісінен кейін жазаланды
05.09.2026, 08:29
Маңғыстауда пойызға отыру кезінде жолаушы қайтыс болды
05.09.2026, 07:21
Жылы, жауын-шашынсыз: 5 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
05.09.2026, 23:19
Динара Сәтжан Астанада ұлына дүркіретіп той жасады (ВИДЕО)
05.09.2026, 16:05
СҚО-да зейнеткер 89 жастағы анасын балталап өлтірген