23.03.2022, 15:22
Жаңалықтар
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті бүгін тауға шықпауға кеңес береді
Фото: ашық дереккөзден
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін. Өткен түнде басталған жауын соңы қарға ұласты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті бүгін тауға шықпауға кеңес береді. Себебі дымқыл қар салдарынан көшкін жүру қаупі артқан. Ал қалада 2 см, тау бөктеріндегі аудандарда - 8-10 см, таулы аймақтарда 10-15 см қар түскен.
Ақ ұлпаны күреуге 987 жұмысшы, 412 арнайы техника, 111 құм шашу техникасы тартылды. Көктайғаққа қарсы 376 тонна арнайы қоспа жол мен тротуарларға себілді.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды