Қазақ-өзбек шекарасында қымбат көліктерді заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тауардың алдын ала бағалау құны 70 миллион теңгені құрайды

Фото ашық дереккөзден

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында қымбат көліктер тәркіленді. Бұл туралы Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми мәліметке сәйкес, Түркістан облысындағы Қонысбаев өткізу пунктінде Өзбекстаннан келетін көліктерді тексеру кезінде шекара жасағы үш жүк көлігін тоқтатты. Олардың ішінде ілеспе құжаттары жоқ 6 шетелдік жеңіл көлік болған.

"Контрабанданы өткізу әрекеті үшін Қазақстан азаматтары ұсталды. Тауардың алдын ала бағалау құны 70 миллион теңгені құрайды", - дейді шекарашылар.

Тәркіленген көліктер Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне тапсырылады.