22.03.2022, 16:55
Жаңалықтар
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы әлем чемпионатына қатыспайды: министрлік түсініктеме берді
Ол виза құжаттарын Мәскеуден тапсырған
Мәдениет және спорт министрлігі өкілі виза ала алмағаны үшін Францияда өтетін жарыстарға қатыспайтын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровке қатысты оқиғаға пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«21-27 наурыз аралығында Монпелье қаласында (Франция) мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтеді.
Михаил Шайдоров Сочиде тұрады, өйткені ол Олимпиада чемпионы Алексей Евгеньевич Урмановпен бірге жаттығады. Ал виза құжаттарын Мәскеуден тапсырған.
21 наурызда виза берілмейтіні туралы ресми хабарлама келді. Оған уақыт аз болғандықтан шағымдана алмайды. Михаил Шайдоров әлем чемпионатына қатыспайды», - деді министрлік өкілі.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды