Астанада боранға байланысты қала маңына қатынайтын автобустар тоқтап қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ауа райына байланысты тасжолдар да жабылды

Фото ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын кей автобустар тоқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Cіty Transportation Systems компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сенсек, қала маңына қатынайтын № 315, 316 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылған. 

Өзге бағдарлар линияда жүр.

Айта кетейік, ауа райына байланысты Нұр-Сұлтан-Теміртау тасжолы жабылған болатын.