$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мәулен Әшімбаев: Наурыз – елдік пен ынтымақтың, бірлік пен берекенің мерекесі

Ол қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады

Мәулен Әшімбаев: Наурыз – елдік пен ынтымақтың, бірлік пен берекенің мерекесі
Фото ашық дереккөзден

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті достар! Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жаңару мен жаңғырудың бастауы. Бұл күн елдік пен ынтымақтың, бірлік пен берекенің мерекесі. Халқымыз әз-Наурызды қашанда жақсылық пен жаңашылдықтың жаршысы ретінде үлкен үмітпен қарсы алады. Ұлтымыздың ежелден қалыптасқан салт-дәстүрі осы күндерде кеңінен дәріптеледі», – деді Мәулен Әшімбаев.

Ол сөзін жалғай отырып, тіршілік атаулы түгел қайта жанданатын осындай сәтте еліміздің дамудың жаңа кезеңіне қадам басуы символдық мәнге ие екенін айрықша атап өтті.

«Шын мәнінде, халық Мемлекет басшысының Жолдауын жаңа Қазақстанның бастауы ретінде қабылдап жатыр. Сондықтан Жаңа жылымыз жаңа мақсаттар мен міндеттер іске асатын табысты жыл болады деп үміттенеміз. Жыл жақсылығымен келсін.

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтай отырып, әр отбасына амандық, құт-береке және жаңа жетістіктер тілеймін! Әз-Наурызда айтылар ақ жарма тілектер қабыл болып, арман-мұраттарымызға жете берейік.

Ұлыс оң, ақ мол болсын, ағайын!» – деді Сенат төрағасы.

Серіктес жаңалықтары