Ол программист мамандығын жетік меңгерген
ШҚО бойынша ҚАЖД Тарбағатай аудандық №2 пробация қызметі есебінде тұрған А есімді азамат Семей қаласының №2 сотының 2020 жылғы үкімімен ҚР ҚК-нің 190 бабының 3-бөлігі 4-тармағымен алаяқтық жасағаны үшін, кінәлі деп танылып, 3 жыл 5 ай мерзімге бас бостандығына шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленген, деп хабарлайды Semeynews.kz.
«Ол пробациялық бақылауда тұрған уақытында меңгерген (программист) мамандығын жетік меңгергенін қолдана отырып, үйінде бола тұра интернет желісі арқылы өз жұмыс берушісі жеке кәсіпкерге көмектескен сыңай танытып ақшалай қаражатын әр түрлі жолдармен пайдасына асыру арқылы алаяқтық жолмен қылмыстық іс әрекеттерге барған», – делінген ведомство хабарламасында.
Осыған орай осы жылдың ақпан айының басында Тарбағатай аудандық №2 пробация қызметінің сотқа жолдаған ұсынымы сот отырысында қанағаттандырылып, алаяқтығы үшін екі жылдан астам мерзімге темір торға тоғытылды.