$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда полицейлер заңсыз сақталған 3 қаруды тәркіледі

Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Атырауда полицейлер заңсыз сақталған 3 қаруды тәркіледі
Фото ашық дереккөзден

Атырауда полицейлер заңсыз сақталған 3 қаруды тәркіледі. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент ақпаратына қарағанда, түзету мекемесінде отырған 24 жастағы жігіт қарудың жасырылған орны туралы ақпарат берген.

«Полиция қызметкерлері аталған ақпаратқа сәйкес тексеру жүргізіп, 2 қаруды тапты. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, «Қару-2022» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде 1999 жылғы жігіт Жайық өзенінің жағалауынан тауып алған пневматикалық тапаншаны өз еркімен полицияға тапсырды. Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды», - дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.


 

 

Серіктес жаңалықтары