Ал былтыр осыған ұқсас заңбұзушылықтары бар 217 автомобиль анықталған
2022 жылдың басынан бері ҰҚК Шекара қызметінің өткізу пункттерінде сәйкестендіру нөмірлері өзгертілген 27 көлік анықталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпарат бойынша, 2021 жылы шекарашылар осыған ұқсас заңбұзушылықтары бар 217 автомобильді анықтаған.
"Көлік полиция органдарына берілді. Қазақстандықтар республикадан тыс жерде автокөлік сатып алғанда шекарадан өту кезінде осындай заңбұзушылықты болдырмау үшін сақ болуы керек", - делінген ҰҚК хабарламасында.