$ 518.34  591.06  6.27
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да аңшылық шаруашылығы жабылуы мүмкін

Өйткені шаруашылық құзырындағы аң аулауға арналған жерлерді жалға алу мерзімі аяқталды

ШҚО-да аңшылық шаруашылығы жабылуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Еліміздің шығысында аңшылық шаруашылықтар жабылудың алдында тұр. Бұл браконьерлікке жол ашады. Себебі біраз шаруашылықтың құзырындағы аң аулауға арналған жерлерді жалға алу мерзімі аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

 «Тиісті министрлік оны ұзарту талаптарын тым қатаңдатып жіберді» дейді аңшылық қауымдастығының өкілдері.

Шығыс Қазақстан облысының аңшылар қауымдастығы республикадағы ең үлкен қауымдастықтың бірі. Құрамында 4 мың мүшесі бар. Аңшылық шаруашылықтарының иелігіндегі жер көлемі 12 миллион гектарға жуықтайды. Әуесқойлар мен кәсіби аңшылар мүшелік жарнасын төлеп, жолдаманы тұрақты сатып алып тұрады. Осылайша аң атуға ресми түрде рұқсат алып келеді. Екі жылдан кейін мұның бәрі көзден бұлбұл ұшуы мүмкін. Өйткені нормативтік-құқықтық актілерде өзгерту болмағанымен, жерді жалға алу мерзімін ұзарту талабы тым қиындап кеткен. Қарамағыңда жүк тасымалдауға арналған және өрт сөндіру көлігің, трактор, соқа, шөп шапқышыңа дейін болуы тиіс.

«Біз бәрін есептеп көрдік. Әрбір аңшыдан бір миллион теңге жарна алсақ та, ол талаптарды орындау мүмкін емес. Шаруашылықтардың аталған техникаларды түгелдей сатып алуы үшін 3 миллиард 800 миллион теңге қаржы жұмсауы қажет. Оны күтіп ұстау шығындары тағы бар. Ешбір шаруашылықтың шамасы келмейді бұған. Алайда экология министрлігіндегілерді бұл мәселе еш алаңдатпайтын сияқты», - дейді ШҚО Аңшылар және балықшылар қоғамының бас аңшылықтанушысы Жанат Архабаев.

 Тіпті 25 жылдық тәжірибеңе, ұзақ жылдар бойығы мінсіз атқарған еңбегіңе де ешкім қарамайды. Ең бастысы техникаң болуы шарт! Ал оларды күтіп ұстауға кететін шығындарды есептесеңіз, аңшылық шаруашылықтарына қажетті қаржы мөлшері 8 миллиард теңгені еңсереді. Қауымдастықтың жылдық табысы 100 миллион теңгедей ғана. «Салалық министрліктегілер мұны ескермей отыр» дейді мамандар.

 

Серіктес жаңалықтары