Қызылордада киік атқан браконьерлер қолға түсті

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекетке залал 1,5 млрд теңгеге бағаланып отыр

Мемлекет басшысының браконьерлікке қарсы күрес бойынша іс-шараларды күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау үшін, 2022 жылғы 15 наурызда ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті тыйым салынған жануарлар дериваттарын өткізу әрекеті кезінде екі азаматты ұстады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҰҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Процессуалдық іс-қимылдар барысында жалпы салмағы 160 кг болатын 641 дана киік мүйізі алынды.

Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының деректері бойынша қылмыстық әрекеттен мемлекетке залал 1,5 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Күдіктілерге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.