$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Украинадағы Мариуполь қаласы түгел қираған

Қоршауға алынған Мариуполь қаласында бірде-бір сау ғимарат қалмады

Украинадағы Мариуполь қаласы түгел қираған
Фото: ашық дереккөзден

Украинадағы Мариуполь қаласы түгел қираған, деп хабарлайды «Хабар 24»

Әскери қимылдар мен толассыз атқылаудан шаһар 90 проценттей қирап бүлінген. Қала мэрі 2 мыңнан аса адам қаза тапқанын айтады. Бірақ шындығында адам шығыны бұдан да көп деп, қаланың күйреуіне Ресей күштерін айыптап отыр. Ресей Қорғаныс министрлігі Мариупольдің қирауына шаһарды қорғап тұрған «Азов» ұлттық баталоны кінәлі дейді. Ал Халықаралық Қызыл крест комитеті шаһардағы ахуал өте күрделі екенін мәлімдеп, қақтығысушы тараптарды қалаға гуманитарлық көмек кіргізуге және бейбіт тұрғындардың шаһардан шығуына жағдай жасауға шақырды. Дерекке қарағанда 350 мың тұрғыны болған қалада 30 мыңдай адам қалған. 

"Халықаралық гуманитарлық құқыққа сәйкес тараптар өз бақылауындағы мекендердің тұрғындарына көмектің жеткізілуін қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ адамдардың қауіпсіздігі сақталуы мндетті. Бізде Мариупольде отбасымен 40-қа жуық қызметкеріміз қалған еді. Бірақ әскери қимылдарға байланысты өз міндеттерін атқара алмай, кеше өзге бейбіт тұрғындармен қаланы тастап кетуге мәжбүр болды", – деді халықаралық қызыл крест комитетінің президенті Петер Маурер. 


 

Серіктес жаңалықтары