Қызылордада алты шетелдік азамат елден шығарылды
Өңірде «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр
Қызылордада «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында алты шетелдік елден аластатылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес 10-17 наурыз аралығында Қызылорда облысы аумағында «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның төрт күнінде 331 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде көші-қон заңнамаларын бұзған 227 шетелдік анықталды.
ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабына (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) сәйкес 223 шетелдік азаматқа және ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабымен (Қоғамдық орындарда тиісу) үш шетелдікке, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) 93 ҚР азаматына және 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) бойынша 9 ҚР азаматына әкімшілік шара қолданылды.
Сонымен қатар, Өзбекстан Республикасының бес, Әзербайжан Республикасының бір азаматы республика аумағынан шығарылды. Өзбекстан Республикасының 45 азаматына уақытша болу мерзімдері қысқартылды, бір Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты тиісті шешім қабылдауға жинақталған іс-құжаттар аудандық сотқа жолданып, 30 тәулік мерзімге ҚПБ қабылдау-тарату орнына жеткізілді. Бір Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты ҚР Азаматтық процестік кодекстің 382-бабының (Арыз беру) талабына сәйкес ел аумағынан аластату үшін сотқа жолданды.