$ 512.34  582.07  6.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда арнайы өткізілген акция кезінде туберкулезбен ауыратындар анықталды

Флюорографиялық тексеруден жыл сайын жүйелі түрде өту керек

Павлодарда арнайы өткізілген акция кезінде туберкулезбен ауыратындар анықталды

Облыстық фтизиопульмонология орталығында 14 наурызда Ашық есік күні тегін флюорографиялық тексеру өткізіліп, фтизиатр-дәрігерлер кеңес берді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Акция барысында медициналық мекемеге 82 адам жүгінді, оның ішінде он бала бар. Барлығына флюорография, рентген жасалды, кейбіреулеріне Gene Xpert әдісімен қақырықты сынау жүргізілді. Қосымша тексеру нәтижелері бойынша өкпе туберкулезі бар екі науқас анықталды.

Келушілерге туберкулездің алдын алу туралы буклеттер мен парақшалар таратылды. Фтизиатрлар кеңес беріп, сұрақтарға жауап берді. Келушілерді негізінен санаторийлік-курорттық емдеу, қалдық өзгерістері бар адамдарды жұмысқа жіберу, туберкулездің алдын алу тақырыптары қызықтырды.

Флюорографиялық тексеруден жыл сайын жүйелі түрде өту туберкулезді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретінін есте сақтау қажет. Ең бастысы, екі аптадан астам жөтел, шаршау, тәбеттің төмендеуі, салмақ жоғалту, тершеңдік, дене температурасының ұзаққа созылуы, кеудедегі ауырсыну, ентігу сияқты белгілер анықталған кезде дереу медициналық мекемеге  жүгіну керек.

Серіктес жаңалықтары