Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауының ұзақтығы – 1 сағат 18 минут
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысының бүгінгі Жолдауының ұзақтығы – 1 сағат 18 минут.
Бұл уақыт тарих беттеріне жазылып, ел дамуының жаңа бағытының – Жаңа Қазақстанның бастауы болады.
Мемлекет басшысының жариялаған шешімдері қандай мұқияттылықпен қабылданса, алға қойылған міндеттерді дәл солай жүзеге асыру маңызды», - деп жазды Асхат Аймағамбетов.
Ведомство басшысы сөзін жалғай отырып, жаңа облыстардың құрылуымен құттықтады.
«Бүгінгі Жолдау жүрегімізден айрықша орын алғанымен келісесіздер деп ойлаймын.
Отандастарымды Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарының құрылуымен құттықтағым келеді. Құтты болсын!» - деді Білім және ғылым министрі.