Елімізде 28 градус аяз күтіледі - синоптиктер

Автор: Azattyq Rýhy

17-19 наурызына арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысы Солтүстік-Батыс антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде термометр бағандары минус 20-28 градусқа дейін жетеді. 

Елдің оңтүстік жартысына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ және ауа температурасының күндіз 0-10 градус аралығында жылып, түнде 0...10 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі. Республика бойынша тұман түседі деп болжанып отыр.